«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Новоромановка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Новоромановка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Eсеп

08.02.2019

Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Новоромановка негізгі мектебі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында 2018 жылғы қызметі туралы есеп

08.02.2019

I. Жалпы мәлімет

1. Ауданда мемқызметтерді көрсетілуіне бақылау жасайтын мекеме туралы мәлімет

Ұйымның атауы

Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Новоромановка негізгі мектебі» ММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Новоромановка ауылы, Ленина көшесі. № 20 үй, байланыс телефоны: 8(71640) 9-05-94

Басшы

Пономарев Игорь Вячеславович

Мемлекеттік қызметтерді, мониторингті сапалы көрсетуге жауапты тұлғалар

 

Мещерякова Светлана Витальевна - мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлға

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтердін саны

Мемкорпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметердің саны

Ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттарының саны

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген регламенттерінің саны

 

5 қызмет

0

5

0

5

5

3. Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/б

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2018 жылы көрсетілген қызметтер-дің саны

Ескерту

 

1

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

 

 

 

 

«Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Новоромановка негізгі мектебі» ММ

 

2

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет

 

2

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

 

5

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет

 

3

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

 

0

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет

 

4

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру


0

«Электронды үкімет» порталы арқылы талап етілген қызмет 

5

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау

 

2

Қызмет Бала бақшалармен және аудан мектептерінің шағын-орталықтарымен ұсынылады. 

II. Қызметті алушылармен жұмыс істеу

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Новоромановка негізгі мектебі» ММ ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған.

2)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат білім бөлімінің стендтерінде, мемлекеттік және ведомствоға бағынысты білім ұйымдарында орналасқан. Қолда тағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтері әр түрі бойынша үлестірме материалдар бар.  

3)

Білім бөлімі ғимараттарының жанында «Электрондық үкімет» egov.kz. ақпараттық баннерлері орналасқан.

4)

Ауданның БАҚ мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы аудан тұрғындарын ақпараттандыру бойынша айсайын жұмыс өткізіледі, 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 21 түрі бойынша 5 мақала жарияланды.

2. Мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының электронды Үкіметі порталы egov.kz. «Азаматтар және Үкімет» «Ашық талқылау» тарауында стандарттар жобаларын талқылау мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша ауылдық округтін тұрғындарымен тұрақты негізде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар  «Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Новоромановка негізгі мектебі» ММ ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында салалар бойынша орналастырылған. 
2018 жылдың есепті кезеңінде мемлекетік қызмет көрсететін білім бөліміне, мемлекеттік органдарға аудан тұрғындарынан есепті кезеңде стандарттар жобаларына өзгертулер немесе толықтырулар туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде білім бөлімінің мамандарымен және ведомствоға бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, сонымен қатар халық алдында ауылдық білім бөлімінің Кеңестерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сұрақтар түскен жағдайда, толық жауап беріледі, есеп беру кезеңіне көрсеткіштер айтылады, туындайтын сұрақтар және ұсыныстар талқыланады.
Ай сайын ауданда мемлекеттік қызметті көрсетудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңес өткізіледі, 2018 жылы 6 түсіндіру жұмысы (кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер) өткізілді.

III.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша ызмет

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

ҚР egov.kz электронды үкіметінің порталында мемлекетік қызметтің түрі ауданның деңгейінде электронды пішімде көрсету үшін автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

Аудан тұрғындары арасында ауданның мемлекеттік органдарының мамандарымен электронды-сандық қол қоюды алу қажеттілігі және одан әрі мемлекеттік қызметті электронды пішімде алу туралы түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

Электронды пішімде мемлекеттік қызметті ұсынуға тартылған ауданның мемлекеттік мекемелерінде «Е-әкімдік» және «Е-лицензиялау» ХҚКО МДБ ақпараттық жүйелерімен белсенді жұмыс жүргізіледі.

Ауылдық округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі үшін барлық ауылдық округ әкімдерінің әкімдік ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. 

2. Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты бөлім және ведомствалық бағынышты мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, мамандары (барлығы 53 адам) өздерінің білімдерін тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстаржы, мемлекетік қызметтердің стандарттар мен регламенттерін оқу арқылы көтереді.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтарын және мүделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің жаңа стандартары және регламенттері және тиісті қағидалар қабылдануда.

IV. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған оган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қортындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есеп беру кезеңінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Ауданда мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын «Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Новоромановка негізгі мектебі» ММ мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

Жыл сайын мемлекетттік қызметті ұсыну саласында меморгандардың қызметін тексеру іске асырылады, қорытындысы бойынша анықталған ескертулер тез арада жойылады, тексеріс кезінде ұсыныстар, тапсырмалар беріледі, тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады. Осылайша 2018 жылға арналған бекітілген кестеге сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша құжаттардың 2 тексерісі өткізілді. Оның ішінде артық құжаттарды қабылдау (баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі, егер 2008 жылдан кейін туған болса, заңды өкілдерінің куәліктерінің көшірмесі) бөлімінде анықталған.   

V. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары

Сандықтау ауданының қызмет көрсетушілерінің мемлекеттік қызиметті көрсету бойынша жұмыстарының ары қарай нәтижелілігі үшін, сонымен қатар қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қанағаттанушылығын жоғарлату мақсатында:

1. Бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері мен мамандары, ведомствалық бағынышты ұйымдардың басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады;

2. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын, регламенттерін талқылау үшін, туындаған мәселелер бойынша қызмет алушылармен кездесулер, семинарлар өткізіледі, қортындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізілетін болады;

3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электронды пішімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады, осы мақсатта тоқсан сайын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізіледі;

4. Сандықтау ауданының көрсетілетін қызметті берушілерімен мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады;

5. Тұрақты негізде ауданның мемлекеттік мекемелерінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар БАҚ, «Сандықтау ауданы білім бөлімінің «Васильевка негізгі мектебі» ММ интернет-ресурсында және басқа да веб-сайттар арқылы жүргізіледі.

                               

 

Просмотров: 817


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст