«Мектепке жол» акциясы
Ақмола облысы білім басқармасының «Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 2024 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіліп жатқанын хабарлайды.
Акцияның мақсаты-халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына жаңа оқу жылына дайындалуда атаулы көмек көрсету, оның мектепке баратын жолы қуанышты және қауіпсіз болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен көңіл бөлу.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы азаматтық белсенділік танытып, мұқтаж балаларға көмек көрсетуге барынша үлес қоса алады.
Көмек алғысы келетіндер Сандықтау ауданы бойынша білім бөліміне немесе тікелей ауданның білім беру мекемелеріне жүгіне алады.
«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін телефон нөмірлері бойынша хабарласу қажет:
87715953730
87164092852